Время работы
Пн - Пт: 09.00 -18.30
Наш адрес:
г.Астана ул. Иманова 13 офис 301

Материалдық-техникалық базаны дайындау және биылғы астықты қабылдау

«Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктері – №1, 2, 5, 7 астық базалары биылғы өнімді қабылдауға кірісті.
Серіктестік өкілдіктерінде заманауи зертханалық және технологиялық жабдықтар бар. Бұлар майлы дақыл тұқымдары мен астық сапасын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сапалы қызмет көрсету, астықтың сақталуын қамтамасыз ету және астықты қабылдауға кірісу үшін қоймалардың материалдық-техникалық базасын дайындау жұмыстары атқарылды. Оның қатарында технологиялық, астық кептіру мен көлік жабдықтарын, темір жолдарды, ғимараттар мен басқа да нысандарды, сондай-ақ көліктер мен арнайы техникаларды жөндеу жұмыстары бар.
Зертхана мен таразы жабдықтарының талапқа сай жұмыс істеуі тексерілді. Астық қорларын зиянкестерден қорғау үшін элеватор мен қойма нысандарына дезинсекциялау (фумигация және дезинсекция) жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, Серіктестік жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астық базаларының жауапкершілігін сақтандыру арқылы электронды астық қолхат иелері алдындағы кепілдендірілген міндеттемелерді орындайды.