Время работы
Пн - Пт: 09.00 -18.30
Наш адрес:
г.Астана ул. Иманова 13 офис 301

«Астық қоймалары» ЖШС қызметінің 2023 жылғы қорытындысы

2023 жылы «Астық қоймалары» ЖШС көрсетілген қызметтер бойынша мынадай өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді:
• 226 088 тонна астық қабылданды;
• 286 411 тонна астық пен майлы дақылдар тиеліп-жөнелтілді;
• Дәнді және майлы дақылдарды сақтаудың орташа көлемі 253 750 ай\тоннаны құрады.
Бүгінгі күні астық базаларында 246 105 тонна дәнді және майлы дақылдар сақталуда. Ондағы астықты қысқы сақтау (салқындату) жағдайларына ауыстыру бойынша технологиялық жұмыстар жүргізілуде.
Астық базалары мынадай қызмет түрлерін көрсетеді: дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тиеу, сақтау, кептіру және өңдеу. 2024 жылы дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тиеп-жөнелту және сақтау қызметтерін көрсету жөніндегі жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде.
Серіктестік астық базаларының техникалық базасын жетілдіру бағытында мақсатты түрде жұмыс жүргізеді. Жыл сайын ғимараттар мен нысандарға күрделі және ағымдағы жөндеу, элеваторлардың жабдықтарын жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл астық базаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2023 жылы №1 астық базасында автоматты таразылар жүйесі енгізілді, атап айтқанда: кіретін/шығатын автомобиль көлігін бақылау және есепке алу, автоматты өлшеу, автокөлік нөмірлерін сәйкестендіру.
Осы жүйенің арқасында қабылданған астық бойынша барлық деректер автоматты түрде 1С мәліметтер базасына көшіріледі. Жүйенің үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін генератор сатып алынды. 2024 жылы бұл жүйені басқа астық базаларына да орнату жоспарлануда.
Астық базаларына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен қашықтан шарттарға қол қоюға мүмкіндік беретін ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, астықты сақтауға арналған электрондық шарттар жасасу жүйесі енгізілді. Бұл бизнес-процестің ашықтығын қамтамасыз етіп, құжат айналымын едәуір жеделдетеді.
Бункерлік таразылар орнатылды. Ол астыққа түгендеу (тасымалдауды) жүргізу процесін оңтайландырады. Сондай-ақ астықты элеватордың ішіне жөнелту жұмысын іске асырып, жұмысшылардың жүктемесін азайтады.
Сонымен қатар, клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес астық жөнелту үшін келесі жұмыстар жүргізілді:
1) 1) №1, 2, 7 астық базаларында ірі көлемді контейнертасымалдаушыларды өлшеуге мүмкіндік беретін темір жол таразыларын жаңғырту;
2) өнімділік көлемін тәулігіне 14 вагоннан 22 вагонға дейін ұлғайту мақсатында қаптағы астықты тиеп-жөнелту үшін қосымша қаптау кешендері сатып алынды;
3) №7 астық базасына майлы дақылдарды қабылдау мақсатында жеке өндірістік желі іске қосылып, жабдықталды.
4) Сондай-ақ, №2 астық базасында жанар-жағар май сақтау үшін резервуарларды жалға беру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.
«Астық қоймалары» ЖШС «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы.
«Астық қоймалары» ЖШС Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының астық егетін өңірлерінде орналасқан төрт өкілдікте (астық базаларында) қызмет көрсетеді. Элеваторлар мен қойма ғимараттарының жалпы астық сақтау көлемі 491 700 тоннаны құрайды:
Ақмола облысының Ақкөл қаласында орналасқан «№ 1 астық базасы» өкілдігі;
Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Новоишимский ауылында орналасқан «№2 астық базасы» өкілдігі;
Ақмола облысының Жарқайың ауданына қарасты Кенская станциясында орналасқан «№5 астық базасы» өкілдігі;
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына қарасты Дәуіт ауылында орналасқан «№7 астық базасы» өкілдігі.