Соңғы екі айда 2,2 миллион тоннадан астам астық жөнелтілді
2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында ішкі нарықтағы және экспортқа бағытталған астық көлемі жақсы деңгейге жетті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
2,2 млн тоннадан астам астық жөнелділді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға жоғары. Арпа экспорты қарқынды дамып келеді. Тек Иран нарығына жөнелтілген көлем 150 мың тоннаға жетті.
Егін жинау науқаны аяқталып, астық көлемі нақтыланғаннан кейін бұл нарықта жұмыстар ілгері жылжыды.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарда ілгерілету «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК АҚ басым бағыттарының бірі.
Осы бағытта шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты жандандыру және перспективалық нарықтарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» дәстүрлі нарық шеңберінен шығып, қазақстандық өнімді экспорттау географиясын кеңейту жұмыстарын күшейтті.
Сонымен қатар, экспорттық жөнелтілімдерді шоғырландыру бағдарламасы осы жұмыстардың негізі. Бағдарламада шаруалардың астығын сатып алмай-ақ фермерлер партиясын біріктіріп, тегін экспорттау қарастырылған. Валюталық кіріс тікелей шаруаға түседі.
Бүгінгі таңда Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қатысуымен Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай импорттаушыларымен қазақстандық фермерлерден жалпы сомасы 19,5 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімшарттар жасалды.
Пилоттық келісімшарт жасаудың оң тәжірибесін кеңейту жоспарлануда.
Осыған байланысты мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің экспорттық операцияларына жан-жақты көмек көрсетеді.