Время работы
Пн - Пт: 09.00 -18.30
Наш адрес:
г.Астана ул. Иманова 13 офис 301

Цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды

Цифрлық үкіметті қолдау орталығы қойма қызметіне лицензия алу және астық қолхаттарын шығару процесін бағалау бойынша сауалнама жүргізді.

Нәтижесінде ҚР Цифрлық даму министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ және астықпен айналысатын компания өкілдерінің қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Компания өкілдері мемлекеттік қызмет алу процесінде кездесетін бюрократия мен уақыт шығындары туралы пікір білдірді.

Орталық атынан қызметтерді цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, алдағы уақытта мемлекеттік органдармен бірлесіп қызметтерді алу процесін жеңілдету бағытында шаралар қабылданатыны аталып өтілді.

Тараптардың ұсыныстары тыңдалып, лицензия алу процесін жеңілдету мақсатында алдағы уақытта бірқатар кездесу жоспарланды. Астық шығаратын компания өкілдерінің ұсыныстары осы жұмыста маңызды рөл атқарады.