Время работы
Пн - Пт: 09.00 -18.30
Наш адрес:
г.Астана ул. Иманова 13 офис 301

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төледі

Фермерлік шаруашылықтар «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның элеваторларына тікелей сатып алу бағдарламасы аясында жоспарланған жеткізілімдердің үштен біріне сәйкес 52 мың тонна астық жеткізді. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік оператор өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің есепшоттарына 3,4 млрд теңге аударды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ фермерлік шаруашылықтардан үшінші, төртінші және бесінші сыныптағы бидайды, сондай-ақ екінші сыныптағы арпаны қабылдайды. Жеткізілген астықтың жалпы көлемінде ең үлкен үлесті 23% және 25% клейковинасы бар үшінші сыныптағы бидай алады.
Қазақстан өңірлерінде астық жеткізушілердің арасында дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары көш бастап тұр. Бұл өңірлердің фермерлері элеваторларға сәйкесінше 20,9 мың тонна, 18,4 мың тонна және 12,5 мың тонна астық жөнелтті.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Жувашевтың айтуынша, өтінімдерді қабылдау кезінде шағын агрокәсіпорындарға басымдық беріледі.
«Өнімнің артық мөлшерін сатып алу шағын және орта шаруашылықтарға ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ мемлекеттік оператор ретінде нарықтағы бағаларды реттеп, астыққа әділ баға белгілейді», - деп түсіндірді Асылхан Жувашев.